29 қыркүйектегі доллар бағамы қанша?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477,57 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474-479 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 474-477 теңге аралығында құбылып тұр.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81–5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,8-4,95 теңгеден сатылып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, доллар бағамы – 477,57 теңге, еуро – 503,22 теңге, рубль – 4,92 теңге.