Алматыдағы «Көк базар» жөнделеді

Алматыдағы «Көк базар» жөнделеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездескенде айтты.

Әкімнің айтуынша, базарды модернизациялау 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.

Желілерді реконструкциялау, орталық кіреберістің алдындағы бетон жабындыны жаңарту, тірек конструкцияларын күшейту, аумақты абаттандыру жоспарланып жатыр, — деді Ерболат Досаев.

Оған қоса әкім жөндеу кезінде қала тұрғындары мен туристер жиі баратын танымал орынның бірі жабылмайтынын айтты.