Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қазақстанда жасалған ұрлық жөніндегі статистикасын жариялады.
Статистика бойынша, Қазақстанда 2023 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ке төмендеген (өткен жылғы 42 752 іске қарсы 30 173 іс).
Ұрлық көп жасалатын өңірлер:
- Алматы (қ) — 7154,
- Астана (қ) — 3541,
- Алматы -2197,
- Қарағанды — 2114,
- Қостанай – 1519,
- Ақтөбе -1413, облыстарында және 1447-сі Шымкент (қ).
Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ке төмендеді. Еліміз бойынша бұл санат бойынша барлығы 7967 (8984) қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.
Автокөлік ұрлығы бойынша да ұрлық саны азайған, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 14,3%-ке аз.
Пәтер ұрлығы бойынша қылмыс саны 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ке аз.
Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл былтырғы көрсеткішке 17,7%-ке аз.