Доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471–476 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471-475 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 473-476 теңге аралығында құбылып тұр.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,79–4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,76-4,91 теңгеден сатылып жатыр.