24 қыркүйекте «СОМЭ» сейсмикалық станциялар желісінің мамандары Алматыдан 357 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді.
Жер асты дүмпулері 2023 жылы 24 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 07:15-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 357 шақырымда Қытай территроиясында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.7.
MPV магнитудасы — 4.2.
Тереңдігі — 15 км.
Сезілуі туралы ақпарат тіркелмеген.
Сонымен қатар Жапонияның бас метеорологиялық басқармасы Жапонияның оңтүстік қиырындағы Окинава префектурасының Мияко аралының батысында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісін тіркеген.