Ұлттық банк доллардың бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 475 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,9 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473-477 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 474.5-477.5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4.81-5.01 аралығында саудаланып жатыр.