Қазақстанда жастарға арналған екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Жастарға аранлған жаңа ипотекалық бағдарлама Павлодар облысы мен Ақсу қаласының тұрғындары қатыса алады. Бұл туралы Krisha.kz хабарлады.

Жергілікті билік Отбасы банкпен келісім жасаған. Қажет қаражатты әкімдіктер мен банк бірге бөледі.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Қарыз алушының жасы 35-тен аспау керек.
  • Соңғы 5 жылда меншігінде жылжымайтын мүлік болмауға тиіс.
  • Ресми жұмыс өтілі өтініш берген сәтте 6–12 ай (аймаққа байланысты) болуы қажет.
  • Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
  • Жастар қызмет ететін салаға қатысты шектеулер бар.

Ипотека шарттары:

  • Пайыздық мөлшерлеме — жылына 5 %-тен (ЖТСМ — 5.2 %-тен) басталады.
  • Бастапқы жарна — 10 %.
  • Қарызға берілетін ең көп сома — 10 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін, көлемі өңірге байланысты. Егер таңдалған үй одан қымбат тұрса, қалған ақшаны қатысушы өз қалтасынан төлейді.
  • Кредит мерзімі — 19 жылға дейін.

Олардың мәліметінше, өтініш қабылдайтын күн мен нақты талаптар туралы мәліметті жергілікті әкімдіктер қосымша хабарлайды.