Алматыда суды тұтыну нормасы енгізілуі және тарифтер өзгеруі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездескенде айтты.
21 қыркүйек Алматы әкімі Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде ауыз су мәселесі сөз етілді. Ауданның бір тұрғыны көлік жуу орындарының кілем немесе көлік жуғанда ауыз суды қолданатынына наразы болды. Ол мұны «үлкен қылмыс» деп атады.
Ерболат Досаев ауыз суды үнемдеу керек екенін айтты.
Біздің қалада су шексіз арзан. Шексіз. Ал бұл мәселе көлік жуу және химиялық тазалау орындарына қатысты. Біз мемлекет басшысы мен үкіметке суды тұтынудың қалыпты нормасын енгізу туралы ұсыныс жасағымыз келеді. Онда белгілі бір тариф болады. Ал суды тұтыну нормасынан асып кеткенде бағасы нарықтық бағамен төленуі керек, — деп жауап берді әкім.
Сонымен қатар ол әкімдік сумен жабдықтаудың жаңа тарифін әзірлеп жатқанын мәлімдеді.
Өзгерістерді дайындап жатырмыз. Суды қолданғанына қарай тарифтер өзгереді. Себебі теория тұрғысынан алғанда, компаниялар барлығын жуып, толтыру үшін ауыз суды емес, технологиялық суды пайдалануы керек. Бірақ қазіргі су бізге Кеңес Одағынан мұраға қалды және біз оны аямайқолданып жатырмыз. Дегенмен меніңше, көзқарасымызды қайта қарастыратын уақыт келді. Алматы қаласы суды үнемдеп жұмсаудың жақсы үлгісін көрсете алады және болашаққа ұқыпты етіп қалдыра алады деп ойлаймын, — деп түсіндірді Ерболат Досаев.