Биыл жазда елге қанша турист келді?

Биыл жазда Қазақстанға 448 мың турист келді. Бұл туралы eQonaq ақпарат жүйесі хабарлады.

Олардың 64,6%-і — ер адамдар. Туристің басым бөлігі — 30-44 жас аралығындағылар.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, шетелдіктің көбі Алматыға келген. Онда 139 мыңнан астам турист келген. Екінші орында — Астана. Онда жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ тоқтаған. Үздік үштікке Алматы облысы кіреді. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттаған.

Шетелден келген туристер еліміздің батысына да жиі барған. Мысалы, биыл жазда Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы, Атырау облысына 25 мыңнан артық шетелдік турист барған.