Қазақстандық жас спортшы 13 жас категориясы бойынша қатысып, жартылай финалға өтті.
18-22 қыркүйек аралығы Грузияның Батуми қаласында Халықаралық үстел теннисі федерациясының турнирі өтіп жатыр. Онда қазақстандық теннисші Айназ Әділгереева ІІІ орын иеленді. Бұл туралы әкесі Әділжан Әділгереев хабарлады.
Қызыма қолдау білдірген қазақ еліне, соның ішінде Шымкент қаласы үстел теннисі федерацияның президенті Сейтжанов Бақытжанға, «TTC Shymkent» ұжымына өз алғысымызды білдіреміз. Болашақта талай үлкен жеңістерге жетеміз деген үміттеміз, — деді әкесі Әділжан Әділгереев.