Сербия астанасы Белградта күрестен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Чемпионатта Қазақстан құрамасы тұңғыш рет алтын медаль алды.
20 жастағы Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта бақ сынады. Ол финалда әзербайжандық Осман Нурмогамедовті 5:2 есебімен жеңді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады.
Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді президент.
Қазір еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. 86 келі салмақта күрескен Азамат Дәулетбеков те жеңімпаздар қатарына кіріп, Париж Олимпиадасына жолдама алды.