Басты бетЖаңалықтарЕлімізде алкогольді...

Елімізде алкогольді ең көп тұтынатын өңірлер анықталды

Қазақстанда алкоголь нарығы өсіп жатыр. Халық әсіресе күшті алкогольдік сусындарды көптеп тұтына бастады. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.

Бірінші жартыжылдықта елдегі дүкендер коньякты 2,4 есе артық және арақты, түрлі ликер мен шарапты 29,4% артық сатып алды.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың алкогольдік ішімдіктерге жұмсайтын шығынын 13,1%-ке артты. Статистика мамандарының есебі бойынша, биылғы сәуір-маусым айларында бір азаматтың арақ, шарап және сыраға жұмсаған ақшасы — шамамен, 1,5 мың теңге.

2023 жылдың екінші тоқсанында алкогольге ең көп ақша жұмсағандар — Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Республика бойынша жалпы шығын 1,5 мың теңге болса, Шығыс Қазақстан облысында ол 2,2 есеге жоғары болды: 3,4 мың теңге.

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұрғындарының да шығыны көп — 3,1 мың теңге. Қарағандылықтардың (2,9 мың теңге) және алматылықтардың (2,8 мың теңге) шығыны да осы сомаға жақын болды.

Тұрғындары ішімдікке айтарлықтай аз ақша жұмсайтын өңірлер қатарында оңтүстік және батыс облыстары бар. Алкогольді ішімдікке ең аз ақша құртатын өңір — Маңғыстау облысы.

Фото: Еnergyprom.kz