Басты бетЖаңалықтарЕлімізде орташа...

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері қанша?

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері — 120 937 теңге. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллиард теңге сомасында зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 675,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 триллион 525,6 миллиард теңге қарастырылған.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, елімізде 2 млн 305 мың зейнеткер тұрады.

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы мөлшері – 37 865 теңге.