18 қыркүйек. Доллар мен рубль бағамы қанша?

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 18 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі.

Бүгін 1 доллар құны – 467,29 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,84 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 467 теңгеден сатылып, 471 теңгеден сатып алынып жатыр. Ал Алматыда доллар 467,5–470,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ресей валютасы 4,71–4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.