Республикалық Достық үйінде өңірлік коммуникациялар қызметі жариялаған байқау жеңімпаздары марапатталды.
Бір ай бұрын қаланың дамуына ерекше үлес қосқан қалалық және республикалық БАҚ өкілдері мен белсенді қоғам өкілдерінен байқауға өтінім қабылданған еді.
Байқаудың мақсаты — Алматының дамуы туралы үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі сюжеттер авторын, белсенді қоғам қайраткерлерін көтермелеу.
Өтінішті қоғам қайраткерлерінің өзі, журналистер, ұйым басшылары немесе БАҚ редакторлары бере алды. Қазылар алқасы мына номинациялар бойынша 10 жеңімпазды анықтады:
1) Алматы туралы жазатын үздік журналист — Таңшолпан Бегалықызы, Baribar.kz;
2) Алматының ең белсенді қоғам қайраткері — Әбдіхалықов Қайыржан, Алматы қаласындағы Азаматтық альянс төрағасы;
3) Қаланың ең белсенді қоғамдық ұйымы — Qamqor charity қоғамдық қоры;
4) Үздік алматылық блогер — Дмитрий Байназаров, Тик-Токер;
5) Алматы туралы үздік фотосурет авторы — Досжан Балабекұлы, «Қазақ газеттері», журналист, философ;
6) Алматының ең белсенді жастар көшбасшысы — Қайрыев Рустам, «Қазақстандағы Ұйғыр жастарының одағы» РҚҚ төрағасы;
7) Алматы туралы үздік Telegram-канал — Almaty Today;
8) Үздік алматылық паблик – «Давай сходим»;
9) Алматы өмірінен хабардар ететін үздік ақпараттық сайт — «Вечерний Алматы» сайты;
10) Алматы туралы үздік YouTube/TikTok-канал — «Алматы» телеарнасы.
Жеңімпаздар алма мен қауырсын түріндегі мүсіншелермен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.