Корея заңсыз иммигранттар үшін «жасыл дәліз» жариялады

Корея Республикасының әділет министрлігі биыл 31 желтоқсанға дейін елде заңсыз жүрген шетелдіктердің өз еркімен кетуіне арнайы мерзім енгізеді.

Корея Республикасы әділет министрлігінің 8 қыркүйектегі хабарламасы бойынша, «жасыл дәліз» аясында заңсыз иммигранттар өз еркімен кеткен жағдайда айыппұлдан және Корея Республикасына одан әрі кіруге тыйым салудан босатылады.

«Жасыл дәліздің» ел аумағына заңсыз кірген, жалған құжат жасаған немесе қылмыстық істерге тартылған заңсыз иммигранттарға қатысы жоқ.