23 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында жасыл өмір салтын насихаттауға арналған UMAY фестивалі өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы — Eco Network компаниясы. Оның мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны аялау. Фестивальде көрмелер, сарапшылардың семинары және ойын-сауық аймақтары болады.
Фестивальдің басты міндеті — жасыл өмір салтының қарапайым, қызық және қолжетімді екенін іс жүзінде көрсету. UMAY қазақстандықтарды күнделікті өмірде қолдануға болатын экологиялық таза шешімдермен таныстырады.
Фестиваль экология мәселесіне бей-жай қарамайтын алматылықтарды, саналы тұтыну мен табиғатқа ұқыпты қарауды жақтайтындарды және инновациялық GreenTech шешімдерді енгізе отырып экологиялық таза болашаққа ұмтылатын азаматтарды біріктіреді.
Экофестиваль — экология саласындағы заманауи шешімдерді қолдаушылар арасындағы коммуникацияның жаңа форматы. Біз қарапайым түрде жасыл өмір салтын ұстанудың оңай мүмкіндіктері туралы айтып, GreenTech шешімдер мен бастамаларды көрсеткіміз келеді, — дейді Eco Network негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов.
Іс-шараның қаржылық серіктесі — Freedom Holding Corp. Ол өзінің пластик бөтелкелер мен алюминий банкларын қабылдап, орнына ақша беретін автоматтармен көпшілікті таныстырады. Бұндай аппарат Қазақстанда бірінші рет жиналды.
Автокөліктер бойынша серіктес — Hyundai Auto Kazakhstan өзінің HYUNDAI IONIQ 5 электромобилін шығарады.
Тақырыптық серіктес — Rams Qazaqstan құрылыс компаниясы, қазіргі таңда өз жұмыс процестеріне ESG-қағидаларын енгізіп жатыр (ESG — экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару).
Ғылыми серіктес — Қазақстан-Германия университетінің табиғи ресурстар және тұрақты даму орталығы.
Экофестиваль Дүниежүзілік тазалық күніне орай орайластырылған және Алматы сенбіліктерінің сериясынан кейін өтеді. UMAY-ға қатысу арқылы сіз бүкіл әлем бойынша қоршаған ортаға оң әсер етуді көздейтін миллиондаған адамға қосыласыз.
Фестиваль бағдарламасында eco-friendly шешімдер көрмелері, тұрақты даму саласындағы сарапшылардың семинары, түрлі жастағы азаматтарға арналған ойын-сауық аймақтары, йога, демалыс кеңістігі және тағы басқасы бар. Сондай-ақ, тұрмыс пен жеке өмірге арналған экологиялық таза технологияның кейінгі жетістіктері ұсынылады.
Қонақтарды 20-дан астам түрлі шеберлік сыныбы мен іс-шаралар, отбасылық эстафеталар және жүлделер, ұтыс ойындары мен куест күтеді. Оған қоса фестивальдің Дос-Мұқасан, Ерболат Құдайберген және Еңлік сияқты жұлдыздар қатысатын концерттік бағдарламасы бар.
Экофестиваль 23 қырүйекте 10.00-22.00 аралығында өтеді, кіру тегін. Кейбір іс-шараға 3000 немесе 10 000 теңге тұратын билеттерді сатып алу арқылы қатысуға болады.