Әрбір қазақстандық ата-ана баласына сапалы білім беруді армандайды. Енді оны іске асыру жеңілдей түсті. Себебі Jusan Bank-тың жоғары проценттік мөлшерлемеге ие AQYL депозиті күрделі процент артықшылығын түсінетін салымшылар үшін таптырмас мүмкіндікке айналмақ. Ата-ана баласын оқыту үшін тиімді жинақ құралын қолданып, олардың болашағын ойлап қана қоймай, жеткіншіктердің қаржы сауатын арттырады.

Жеңістің дәмі тәтті

Кейбірі бала ата-анасына кішкентайынан шыдамды, әр нәрсені жоспарлай алатын тиянақты екенін, белгілі бір нәтижеге, жетістікке жете алатынын көрсете алады. Балалардың инвестициялық әлеуетін анықтауға мүмкіндік беретін әдіс Marshmallow test деп аталады.

Тәжірибенің мәні мынада: балаларға зефир немесе басқа тәтті беріледі. Бала тәттіні жемей, біраз күтсе, шыдамды болғаны үшін сый ретінде тағы бір тәттіні иеленеді. Бұл тәжірибе арқылы баланың қаншалық ұстамды, төзімді екенін анықтауға болады. Ал ұзақ мерзімге жоспар құру мен өз қалауыңды басқара білу — инвестордың бойында болуы қажет маңызды ойлау қабілеті.

Күрделі проценттер қалай жұмыс істейді?

Ұзақ мерзімге жоспарлау қабілетінің маңызын түсіндік, енді күрделі проценттердің қалай істейтінін қарастырайық. Бұл механизм уақыт өте келе капиталды жинақтау қарқынын едәуір арттыруға мүмкіндік береді, себебі кіріс тек бастапқы салымға емес, жинақталған сыйақыға да есептеледі. Басқаша айтқанда, проценттің үстіне тағы процент қосылады.

Мәселен, сізде бастапқы сома ретінде 100 000 теңге бар делік. Банк сізге 15% мөлшерінде сыйақы ұсынады. Алғашқы жылы сізге проценттік кіріс ретінде 15 000 теңге береді де, жинағыңыздағы жалпы сома 115 000 теңге болады. Ал келесі жылы 15% мөлшерлеме 100 000 теңгеге емес, 115 000 теңгеге қосылады. Осылайша, бұл жолғы сыйақы 17 250 теңге болып, жалпы жинақ сомасы 132 250 теңгеге дейін өседі. Бұл процесс жыл сайын жалғасып отырады және сіз күрделі проценттің арқасында байлығыңыздың қарқынды түрде көбейгенін байқайсыз.

Көптеген инвестор табысқа жету үшін күрделі проценттік әдісті қолданады. Әлемдегі ең дәулетті адамдардың бірі – Уоррен Баффет айтып отырғанымыздың көрнекті мысалы. Ол ұзақ мерзімге инвестициялау стратегиясын ұстанып, акцияларын арттырып, бүгінде қомақты байлыққа қол жеткізе алды. Сіз болашаққа инвестициялауға дайын болсаңыз, күте алсаңыз, күрделі проценттік әдістің жемісін жейтініңіз анық.

Jusan Bank-тың AQYL депозиті: несімен тиімді?

Күрделі проценттік сиқырдың тағы бір  жарқын мысалы – Jusan Bank-тың AQYL депозиті. Бұл — депозиттің қандай артықшылықтары бар?

Банк тұтынушылары небәрі 3 АЕК (2023 жылы 1 АЕК 3450 теңгеге тең) мөлшеріндегі ақшаға AQYL депозитін аша алады. Сыйақы мөлшерлемесі — 14,1% (ЖТСМ – 15%), мемлекеттік сыйақы – 5% (басым санаттар үшін 7%). Бұл Jusan Bank-тың AQYL депозиті нарықтағы ең тартымды қаржы құралы деген сөз.

депозит ақша білім Jusan
Фото: Jusan Bank-тың баспасөз қызметі

Сонымен қатар клиент депозитке қосымша қаржыны қаншалық және қанша рет салса да, өз еркі — ешқандай шектеу жоқ. Сыйақы ай сайын есептеліп, салымның негізгі сомасына қосылып, келесі кірістің негізіне айналады. Ал мемлекет жыл сайын білім беру депозиті бойынша сыйақы тағайындап, «ақылды» депозит иесінің арманының жүзеге асуын біртабан жақын етеді.

Айта кетері, салымшының баласы мемлекеттік грантты иеленсе, ол AQYL депозитінде жинақталған қаражатты банк және мемлекет сыйақысымен бірге шешіп ала алады.

AQYL депозиті мемлекеттік депозиттерге кепілдік беру жүйесімен қорғалған. Бұл оны ең тиімді әрі ең қауіпсіз инвестициялық құралдардың бірі етеді.

Осылайша, Jusan Bank-тың AQYL депозиті тиімді және қауіпсіз инвестиция салуға арналған таптырмас құралға айналып, балаларыңыздың болашағын жарқын етуге септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.