Электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін

Келесі жылдан бастап еліміздегі станцияларды күрделі жөндеуден өткізу үшін электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған энергетика министрінің бұйрық-жобасында жазылған.

Құжатта 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1 065 мың теңге болатыны жазылған.

2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1 065 мың теңге (қазір 590 мың теңге), 2025 жылы 1 215 мың теңге/МВт болуға тиіс. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді, — делінген құжатта.

Бұйрық 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.