Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия футболшыларын ұтты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Аренада» Солтүстік Ирландия құрамасын ұтты. Ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голды 27-минутта Максим Самородов соқты. Оның айып алаңы сыртынан жерлете тепкен добы қонақтар қақпасының торында тулады.

Алты ойыннан кейін Қазақстан құрамасы «Н» тобында 12 ұпаймен 2-орынға көтерілді. Келесі ойынын 15 қазан күні Данияға, 17 қазанда Финляндияға қарсы өтеді.