Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жаңа әкімін тағайындады

Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылғы 26 қарашада Алматы облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, қазіргі заман гуманитарлық институтын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, экономика магистрі, құқықтану бакалавры, бакалавр академиялық дәрежесі берілген менеджмент саласының маманы.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР статистика агенттігінің талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған, 1999–2001 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты болды.

2001 жылдан 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдар атқарды.

2003-2006 жылдары «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ қаржы департаментінің директоры-басқарма мүшесі;

2006-2007 жылдары ҚР қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінің директоры;

2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры;

2007-2009 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы;

2010-2012 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК директоры;

2012 жылдан 2013 жылға дейін «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС бас директоры;

2013-2016 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;

2016-2019 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониториң бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2019 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында ҚР қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы;

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін «ҚазАгро» Холдингі» АҚ басқарма төрағасы;

2021 жылғы сәуір-шілде аралығында ҚР қаржы вице-министрі;

2021 жылғы шілдеден бастап – ҚР ауыл шаруашылығы вице – министрі -министрінің міндеттерін атқарушы;

Қазақстан Республикасының президенті Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жарлығымен ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалды.