Келесі жылдан бастап кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері көтеріледі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 7%-ке артады.

Тиісті үкімет қаулысы «Ашық” НҚА порталында жарияланды.

2024 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбек қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7%-ке арттыру жүргізілсін, — делінген құжатта.

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Құжат 15 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды.