Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Жайдарманшылар» «Орал жастары» кубогын сарапқа салды

Фото: БҚО әкімдігі
10 тамыз күні Оралдағы Мырза Әлі атындағы амфитеатрда Халықаралық жастар күніне арналған “Орал жастары” кубогы сарапқа салынған «Жайдарман» ойыны өтті.

Ойынға тәжірибелі командалар мен жас командалардан құралған 8 топ қатысты. Таланттылар ойынын Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Жекпе-жек форматында өткен ойын нәтижесінде “Тайпақ”, “Көздіғара”, “Дежавю”, “Белес” командалары жеңімпаз атанды. 

«Жайдарманшылардың» ойындарын қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев, қалалық маслихат депутаты Сергей Офицеров, БҚО дзюдо федерациясының президентті Рустам Шайхы, БҚО қоғамдық даму басқарамасының бөлім басшысы Мирфат Талғатұлы және «Назар аудар» театрының актеры, Орал «Жайдарман» лигасының президенті Самат Қабдиев бағалады. 

«Жайдарманшылар» ойынның өтуіне қолдау білдіргендері үшін Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасына, Орал қаласының мәдениет бөліміне, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығына, Жастар мәдениет сарайына, “Гамма”футбол дүкеніне, “Айзат” мейрамханасына және “Karantino Production” орталығына алғыс білдіреді.