Қанат Бозымбаев президенттің кеңесшісі болды

Қанат Бозымбаев президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — делінген өкім мәтінінде.

Қанат Бозымбаев 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін Алматы облысын басқарған болатын.