Ұлттық банк доллардың бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 3 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 456 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,7 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457-461 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 458- 461 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4.7-4.8 аралығында саудаланып жатыр.