Ержан Сәденов ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды

Ержан Сәденов ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті Марат Ахметжанов атқарды.