Ернар Баспаев президенттің жаңа кеңесшісі болды

Ернар Баспаев президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды,- делінген хабарламада.