Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан халқын ұлттық мерекемен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевті және Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Біздің халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін. Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.