Алматыда нөсер жауын жауады. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады.
Таңертең Алматы тұрғындарына ауа райының қолайсыздығы туралы бірден бес СМС ескерту келді.
Алматы ТЖД мәліметінше, «Қазгидромет» РМК-ның 27 тамыздағы №18 ескертуі негізінде 28 тамызда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұрады. Сонымен қатар желдің күшеюі кезінде келесі жағдайлар ұсынылады:
- ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
- егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан, ашық балкондардан және лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
- көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз.
- билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда, сонымен қатар үйлердің қабырғаларында жасырынуға болмайды, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін;
- қатты жел кезінде электр беру желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
Алматы тауларында гляциалды (мұздық) және нөсерлі сипаттағы сел қаупі сақталады. Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін. Құрметті туристер, Алматы тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз, — делінген хабарламада.