Басты бетЖаңалықтарЖастармен жұмыс...

Жастармен жұмыс жөніндегі мамандарға арналған кәсіби стандарттар қабылданды

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Ақмола облысының Зеренді ауданында “Жастар Академиясы” аясында өтіп жатқан “Әділетті Қазақстан — адал азамат” диалогтық алаңына қатысты. Іс-шарада жастармен жұмыс жөніндегі мамандарға арналған кәсіби стандарттары қабылданды.

Жаңа стандарт туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Зерендіде өткен республикалық жастар академиясында айтты. Министрдің сөзінше, бұл жұмысты жүйелеуге және жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерін іріктеудің нақты өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді.