Қазақстанның үздік шахматшылары рейтингіcінің көшін 19 жастағы Бибісара Асаубаева бастап тұр. Ол бұл мүмкіндікке Әбу-Даби фестивалінде жеткен жеңісінен кейін ие болды.
Әбу-Дабиде шахматтан өткен ірі фестиваль өз мәресіне жетті. Бибісара Асаубаева әйелдер арасында чемпион атанды. Бұл туралы in Aktau сайты өңірдегі мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Фестиваль барысында шахматшы мүмкін 9 ұпайдың 5,5 ұпайын жинады. Осы көрсеткіші арқылы 19 жастағы Бибісара Асаубаева еліміздің шахматшылар рейтингісінде бірінші орынға бір-ақ көтерілді.
Сәуір айында блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Бибісара Асаубаева Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды. Ол мұндай атаққа ие республикамыздағы алғашқы шахматшы.