Алматыда «барахолка» базарында тағы контейнерлер өртенді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Алматы қалалық ТЖД мәліметі бойынша, өрт 26 тамыз сағат 08:37-де сөндірілген. Өрт Жетісу ауданы, «Алмалы» базарындағы контейнерлерден шыққан. Өртенген аумақ — 80 шаршы метр.
Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ, — делінген хабарламада.