Алматының төтенше жағдайлар департаменті қаладағы өртке байланысты алматылықтарға ескерту жасады.
Құрметті тұрғындар! Маска тағып жүруді сұраймыз, түнде Сүйінбай көшесі 50-де S=295 м2 қоймадағы өрт сөндірілді. Жалпы, көлемі 4 мың шаршы метрден асатын жоғары жанғыш жүктемесі бар қойма. Онда арнайы композициямен өңделген ламинаттар жатқан. Осыған байланысты сабыр сақтауды сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі. Әсіресе өрт болған жерге жақын тұратын тұрғындар, — делінген хабарламада.
Еске салайық, түнде Алматыда ламинат сақтайтын қоймадан өрт шықты. Бүгін таңертең алматылықтар түтін иісіне шағымданды.