Басты бетЖаңалықтарСаясат Нұрбек...

Саясат Нұрбек өз жұмысына көңілі толмайтынын айтты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылымға бөлінген қаражатты тиімді қолдану қажет екенін айтты.

Биыл ғылымға бөлінген елеулі қаражат ағынын сезінген шығарсыздар – гранттық қаржыландыру есебінен 159 миллиард теңгеге жуық қаражат бағытталды. Қазір ҒЗИ және ЖОО-мен осы қаражатты дұрыс және барынша тиімді игеру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Кеше біз ҒЗИ басшыларымен үлкен кеңес өткіздік, келесі жылға білім беру және ғылыми тапсырыс түзу жөнінде осы диалогты жалғастырамыз. Биыл қаржыландырудың осындай теріс циклін үзуге уәде береміз, — деді Саясат Нұрбек елордада «Жоғары білім және ғылым-2023» форумында.

Министр президент тапсырмаларын орындау бойынша өз жұмысына баға берді.

Биыл жылды да жақсы бастаған жоқпыз – үкіметке есеп берген кезде президент тапсырмаларын орындау бойынша өзіндік бағалау көрсеткіші бар. Өкінішке қарай, дайындық жұмыстары мен қаржыландыру бойынша мен өзіме қанағаттанарлықсыз баға қойып отырмын, — деді Саясат Нұрбек.