Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев бүгінде қазақстандықтар қай елдерде жұмыс істеп жүргенін айтты.
Біздің міндетіміз – шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың заңды құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 194 мыңнан астам қазақстандық шет мемлекеттерде жұмыс істеп жүр. Нақтылап айтқанда, Ресей Федерациясында – 162 мың, Польшада – 13 мың, Оңтүстік Кореяда – 6 мың адам, Ұлыбританияда — 5 мың адам жұмыс істеп жүр, — Асқарбек Ертаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің айтуынша, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдермен ондағы ҚР азаматтарының еңбек құқықтарын қорғайтын жаңа келісімдер жасауға бастамашылық ету үшін қосымша шаралар қабылданып жатыр.
Оңтүстік Кореяда ел азаматтарын заңды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанды «Еңбекке рұқсат беру жүйесіне» енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Осы жүйе арқылы жұмысқа орналастыру migration.enbek.kz порталында тіркелу арқылы жүзеге асырылады. Шетелде жұмыс істегісі келген адам алдымен тіл үйренуге, міндетті медициналық тексеруден өтуге, қажет құжаттарды рәсімдеуге көрсету үшін қосымша тиісті жұмысты еңбек ұтқырлығы орталықтары жүргізеді, — деді Асқарбек Ертаев.