Түркиядағы жол апаты: тағы бір қазақстандық қаза болды

Түркияда жол апатынан зардап шеккен екінші қазақстандық қаза болды.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түрік дәрігерлерінің ақпаратынша, кеше түнде тағы бір Қазақстан азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажет көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, екі адам қаза болды.