Басты бетЖаңалықтарАлматыда дөңгелектерді...

Алматыда дөңгелектерді қайта өңдеу цехы өртенді

Алматыда дөңгелектерді қайта өңдеу цехы өртенді. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін таңғы сағат 07.13-те Алматы төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары Түрксіб ауданы, Іле тас жолы, 15 мекенжайына шықты. Алғашқы өрт сөндіру бригадасы жеті минутта оқиға орнына жетті. Келген сәтте автошиналарды қайта өңдеу цехының ғимаратын қатты түтін басып, 200 шаршы метр аумақ ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Көршілес тұрған оттегі станциясы бар ғимаратқа өрттің таралу қаупі туындады. Жанып тұрған қараңғы қоймадан кез келген минутта жарылуы мүмкін жалпы көлемі 100 литр екі оттегі баллонын шығарды, — делінген хабарламада.

Өрт сағат 08.07-де оқшауланып, сағат 08.25-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қабылданған шаралардың арқасында цехтағы жабдықтар, «TGB GROUP» ЖШС ғимараты оттан қорғалды, сонымен қатар өрт жаңа автошиналарға таралуына жол берілмеді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қазіргі таңда су төгу және үйінділерді жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр,- делінген хабарламада.