«Алтын орда» базарында заңбұзушылықтар анықталды

«Altyn Orda New Company» ЖШС-ға 530,4 миллион теңге кірісті көрсете отырып, қосымша салық есептілігін тапсыруға тура келді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Алматы облысының департаменті «Алтын орда» базарын тексерді. 

Тексеріс нәтижесінде базар әкімшілігі 169,6 миллион теңге салық төледі, оның ішінде қосымша есептелген қосылған құн салығы – 63,6 миллион теңге, корпоративті табыс салығы – 106,0 миллион теңге. Өсімпұл бөлек есептеледі.

Тексеру барысында ЖШС-де бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижелері бойынша қосымша төрт бақылау-касса машинасы тіркелді.

Салықшылар 742 салық төлеушіні жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бақылау-касса машиналарын қоюға көндірді. Бұдан бөлек базарда кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асырған 12 адам анықталды. Олардың материалдары сотқа жолданды. Үш саудагер әкімшілікке жауапқа тартылды. Біреуі салық органдарында тіркелмегені үшін, қалған екеуі тауар бағасын төмендетіп көрсеткені үшін жазаланды, — делінген хабарламада.