Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451–456 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451,5–456 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 452,5–456,5 теңге аралығында құбылып тұр.
22 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,74 тиынға өсіп, 453,14 теңге болған.
Ұлттық банктің 23 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 453,13 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,81 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,73–4,93теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75-4,85 теңгеден сатылып жатыр.
