Басты бетЖаңалықтар"Қазақстан" шахтасындағы...

«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі де сөнбеген

22 тамызда сағат 8.00-дегі жағдай бойынша «Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі де сөнбеген, жағдай жақсарған жоқ.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады. Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарланды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 тамызда сағат 10.05-те «Қазақстан» шахтасында конвейерлік лента өртенді. Төтенше жағдай кезінде жер астында 227 кенші болған, оның 222-сі жер бетіне шығарылды. Қалған бес шахтер қаза болды.

Зардап шекккен 11 кенші Қарағанды облысының ауруханаларына жатқызылды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов 19 тамызда «Қазақстан» шахтасына барды. Үкімет басшысы кеніштегі апатқа тікелей кәсіпорын иелері кінәлі екенін мәлімдеді.