20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау»-да қаралы күн болып жарияланды

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау»-да қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Владимир Яблонский айтты.

Терең күйзеліспен «АрселорМиттал Теміртау» ұжымы атынан мезгілсіз қаза болған әріптес кеншілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Бұл қаза отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы. Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза болған әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі. 20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау»-да қаралы күн болып жарияланды, — деді ол.

Еске салайық, 17 тамызда сағат 10.05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында өрт шықты. Барлығы шахтада 227 адам болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылса, бесеуі жер астында қалды.

  • Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, еңбек өтілі 21 жыл;
  • Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, еңбек өтілі 10 жыл;
  • Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, еңбек өтілі 4 жыл.