Алматыда азық-түлік инфляциясы екі есе төмендеді

Алматыда азық-түлік инфляциясы екі есе төмендеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала басшысы Ерболат Досаев нарықты қанықтыру және реттеу азық-түлік инфляциясы қарқынын 2023 жылғы қаңтардағы 24,3%-тен 11,7%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін айтты.

Жылдық көрсеткіш — 14,2%. Ағымдағы инфляция деңгейінің ең маңызды факторлары — биыл жылдың басынан бастап жанар-жағармай бағасының өсуі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатын іске асыру болды, – деді Ерболат Досаев.