Басты бетЖаңалықтарАлматыда қоғамдық...

Алматыда қоғамдық көлікте жүру ақысы өсті

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге өсті.

Атап айтқанда, «Оңай» картасымен немесе QR-код арқылы төлем жасағанда жол жүру ақысы 100 теңге болады, яғни баға 20 теңгеге өседі. Қолма-қол төлемде жол жүру құны – 150-ден 200 теңгеге дейін көтеріледі.

Еске салайық, жаңа тариф 9 тамыз күні қала мәслихатының 7-ші сессиясында бекітілген еді.

Ал, 10 тамыз күні Алматы әкімі Ерболат Досаев жолаушыларды тасымалдау тарифтерін көтеру туралы қаулыға қол қойды.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тасымалдаушылар шығындарының артқанына қарамастан, мегаполисте жолақы 11 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген.