«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қаза болған кеншілердің аты-жөнін жариялады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, 222 адам жер бетіне шығарылды, үш адамның мәйіті табылды.
Үлкен өкінішпен, қайғымен мезгілсіз кеткен әріптестеріміз туралы хабар береміз:
1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 ж.т., 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., 5 разрядты жерасты электр шебері, еңбек өтілі 39 жыл;
3. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., жерасты электр шебері, еңбек өтілі 39 жыл;
Екі шахтерды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалып жатыр, — делінген хабарламада.