Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында тағы бір жұмысшының денесі табылды.
«Шахтада авариялық-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді. Сағат 8.15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір мәйітті беру шаралары жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша төрт бөлімше жұмыс істеп жатыр, олар авариялық өндірістен температураны түсірумен айналысып жатыр. Қалған жұмысшыларды іздеп-табу үшін тағы үш бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған. Жұмысшыларымызды жедел іздеп-табуға барлық шара қабылданып жатыр, — деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында «Қазақстан» шахтасы өртеніп жатқанын хабарлаған едік.
Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылған.
Кейін өрт кезінде бес кеншінің із-түссіз қалғаны және төрт адам ауруханаға жеткізілгені айтылды.