Басты бетЖаңалықтарҚарағанды облысында...

Қарағанды облысында «Қазақстан» шахтасы өртеніп жатыр

Қарағанды облысында «Қазақстан» шахтасы өртеніп жатыр. Бұл туралы «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

17 амыз күні сағат 10.05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Аварияны жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының (15 маманы мен бес техникасы) және төтенше жағдайлар департаментінің (сегіз маманы мен екі техникасы) үш бөлімшесі барды.

Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылып жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының (15 маманы мен үш техникасы) және ТЖМ-ның (сегіз маманы мен екі техникасы) қосымша күштері бара жатыр, — делінген хабарламада.