Басты бетЖаңалықтарАта-анасынан айырылған...

Ата-анасынан айырылған басқа қаладан келген студенттердің жатақхана ақысы төленеді

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауында үкіметке «…студенттердің жекелеген әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін жатақханада тұру шығыстарын субсидиялау мүмкіндігін пысықтауды» тапсырды. Жаңа оқу жылы қарсаңында президент тапсырмаларын орындау аясында үкімет қаулы қабылдады.

Үкімет «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Ол бойынша, азаматтардың жекелеген санаттары үшін еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алған кезінде жатақханада тұру шығыны үшін өтемақы төлеу көзделген.

Жатақханаларда тұру шығыны үшін өтемақы сомасы жылына 29 айлық есептік көрсеткіш болады. Биыл барлығы 7 145 адам өтемақы алады. Оларға мына санаттағылар кіреді:

  • 4 651 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер;
  • 2 494 мүгедектігі бар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар.

Өтемақы 2023 жылғы қыркүйектен бастап беріледі.