Шілдеде инфляция жылдық мәнде 14%-ке төмендеді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты.
Қазақстандағы инфляция шілде айында жылдық мәнде 14,0%-ке төмендеді. Азық-түлік инфляциясы ақпан айындағы ең жоғарғы 26,2%-тен 13,5%-ке дейін жылдық мәнде екі еседей баяулады.
Азық-түлікке жатпайтын инфляция мен сервистік инфляция 15,0%-ке және 13,6%-ке бәсеңдеді. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі – жылдық 16,75%.
Кезекті шешім биыл 25 тамызда қабылданады, — деді ұлттық банк төрағасының орынбасары.