2005 жылы туған турист 12 тамызда таңертең Көк Жайлау шатқалына кеткен, телефоны өшірулі болған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 тамызда түнгі сағат 1.15-те төтенше жағдай министрлігінің республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шықты.
Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат 3.00-де тапты. Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған, — делінген хабарламада.