Астанада жеңіл рельсті көлікті іске қосу 2025 жылға кейінге қалдырылды. Бұл туралы City Transportation Systems төрағасы Ғани Тәжиев мәслихат отырысында айтты.
Жобаны жеделдету үшін екі кезеңмен іске қосу жоспарланған. Бірінші кезеңде, яғни 2025 жылы алғашқы LRT іске қосылады. Бірінші кешеннің жалпы сомасы — 1 миллиард 152 миллион доллар немесе жобаның жалпы құнының 61%. Осы уақытта сегіз станция салынып, бес жылжымалы құрам іске қосылады. Құны 735 миллион доллар немесе жалпы құнының 39% болатын екінші іске қосу кезеңінде қалған 10 станция пайдалануға беріледі. Қосымша 14 бірлік жылжымалы құрам іске қосылады. 2026 жылдың соңына дейін аяқталады, — деді Ғани Тәжиев.
Екі кешеннің жалпы құны — 1 миллиард 887 миллион доллар. Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-ді 2024 жылдың соңына дейін іске қосуға уәде берген еді.